Лео Гудас пен Антон Мартыненко Барыс жүйесінде жұмыс істейтін болады
14 Тамыз 2025

Лео Гудас пен Антон Мартыненко Барыс жүйесінде жұмыс істейтін болады

БЖСМ

Мамандардың міндетіне балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебіндегі барлық жас санатындағы жас хоккейшілерге, клуб жүйесіне кіретін жастар командаларына арналған дайындық жүйесін қазіргі заманғы оқу-жаттығу үдерісін құру тәсілдерін ескере отырып әзірлеу және енгізу кіреді.

Ойыншы ретінде Лео Гудас Олимпиада ойындарының және элиталық дивизиондағы әлем чемпионаттарының жүлдегері атанды, сондай-ақ Чехословакия чемпионы болды. Бапкер ретінде маман Словакия, Чехия, Румыния және Венгрияның түрлі командаларын басқарған.

Антон Мартыненко Омбының «Авангард» клубыгның жүйесінде еңбек етіп, кейін Беларусь хоккей федерациясында даму және балалар-жасөспірімдер хоккейі бөлімін басқарды. Сондай-ақ ол Беларусь құрамасының жасөспірімдер, юниорлар және жастар командаларына әдістемелік қолдау көрсеткен.


DSC_4455 с.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс G-Drive Аренада Авангардты алғаш рет жеңді

new-preview
15 фото
Barys

Авангард - Барыс

new-preview
Barys

Barys Store дүкендерінің мереке күндеріндегі жұмыс уақыты